inabat
inabatдәйексөз қалдырды5 жыл бұрын
берді құдай тілегімді. Колхоз председателінің жирен жорғасына дөп келгенімді көрдің бе. «Шіркін, тақымыма бір тиер ме едің» деген тәтті арман таңдайымды бұрыннан қуырып жүруші еді. Енді сол арманымды жүзеге асыратын болдым. Жирен қасқа алдыңғы екі аяғынан шідерлеулі екен. Өзінің мінезі жаман деуші еді. Мен жақындай бергенде, құлағын тігіп, осқырынып қарсы алды. – Тр-р-р, жануар, тр-р-р, – деп қолымды созып, мойнын сипағым келген ишарат білдірдім. Бірақ бұған алданатын жирен ат емес. Жолаушы болма, жоласаң берем сазайыңды дегендей құйрығын бұрып, құлағын жымқыра бастады. – Тәйт әрі! Мына ақымақ қайтеді, – деп, Сатыбай жылқышыға еліктеп, зекіп тастадым.. – Так, так жануар, так, так... Бәрібір жирен ат жолатар емес. Зекімек түгіл бақырсам да тілге келетін ниеті жоқ. Құйрығын бұрып, құлағын жымқырып, қосаяқтап тебуге дайын тұр. Егескенге егесетін менде де бір сайтан бар. «Қап, пышаққа ілінгір иттің ғана малы. Ызаң ба сенің. Тақымыма бір тисең, тарттырар ем-ау сазайыңды» деп, оны қалай еткенде де мінбей тынбауға бел байладым. Әттең, жалына қолым бір ілінсе. Ақыры айланқастап жүріп, бір ыңғайлы кілтеңі келгенде, шап беріп, жирен аттың жалына жармаса кеттім. Қорс етіп, үркіп ала жөнелді. Аяғым анда бір тиіп, мында бір тиіп, дөңгелек ұшып келем. Сонда да айырылар емеспін. Мұндай да жауыз мал болады екен, тоқтамайды. Ақыры бір кезде саусағым салдырап талып, жазылып кеп кетті. Анадай жерге ұшып түстім. Жирен ат жалт беріп кеп, қосаяқтап бірді тепті. Мына оң жақ саныма сақ ете түсті тұяғы. Шоқ басқан күшіктей қаңсылап, дөңгелендім де қалдым (Құдай сақтағанда, қаға тиіпті. Егер дөп тигенде, жілігімнің күлпаршасын шығарар ма еді, қайтер еді). Бір уақытта дәл қасымнан: – Бұл кім ей? Кім бұл? – деген дауыс естілді. Селк етіп, бебеулеуімді дереу қоя қойдым. Қолында жүгені бар кепкалы біреу төніп келеді. Тани
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
  • 436
  • 101
  • 2
  • 0
Қолжетімсіз
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды