Акгуль Ашамаеваhas quoted7 years ago
— Міне, сіз — алқызыл нұрымен ақ бас тау, бұйра бас ормандарды аймалап, кең дүниені шапағымен шарапаттай масайраған. Күн шығар сәтте ояндыңыз; мүмкін, сізді оятқан таң емес, әлгі бір таң бозынан сайраған бозторғай шығар, мүмкін, жаңа ғана дүркірей суаттан қайтқан марал дүбірі ме екен, әлде әупілдеген еліктің даусы шығар, әлде анау ақ таңдағы ақ толқынын аспанға лақтырған Бұқтырма сарыны да, не болмаса арқаңыздан өткен таңғы шықтың шым-шым сызы ма... әйтеуір, дәл осындай шапақты шақта оянғаныңыз үшін, табиғат жарықтықты адал жүрегіңізбен алқайсыз да, бір-біріне мінгесіп-ұштасқан мәңгі тәкаппар асқақ Алтайдың алдында бас киіміңізді алып, тағзым етіп, «ассалаумағалейкүм» деп есендесесіз. Сіздің бұл үніңізді Алтайдың жақпар тастары мен құзар шыңдары іліп алып, кезек-кезек жаңғырықтыра қайталайды, қайталайды... Енді сіз аңғарды басына көшіріп,
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)