b2238533583
b2238533583дәйексөз қалдырды11 ай бұрын
Ұлдан гөрі қыз бала пайымдырақ келетін шығар, Құрмаш қоймады.
− Сол өліп қалған үш баланың мына сен көміп тастаған шашқа қандай қатысы бар?
− Әйел баласы шашын беталды тастамас болар, – деді Айша. – Тарақтан түскен шаш әлдеқалай отқа күйсе, о дүниеде балалары шырылдайды дейді. Анасының шашының отқа күйген иісін танып қояды екен де: «Анамыз тозақ отына түсіп кетті-ау!» – деп шыр айналып шырылдайды екен. Тозақ отынан анасын құтқарып алмақ болып, өздері де сол тамұқ өртіне түсіп кете жаздайды екен.
Әне, сондықтан шашты көміп таста. Далаға тастасақ, жел ұшырып немесе құс ұя салып, әйтеуір, бір себептен отқа күйсе, о дүниелік нәрестенің обалына қаласың.
Ал мен болсам жатып аламын да ойланамын: анасы үшін о дүниедегі балалар отқа түсе жаздағанда, бұ дүниедегі біз сияқты пәндалар не бітіріп жүрміз? Не жақсылық жасадық анамызға?!
Шерхан Мұртаза
Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза
Ай мен Айша
  • 318
  • 57
  • 6
  • 0
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды