b6685897626has quoted7 years ago
Бекболат. Құдай сақтасын. Биғайша апа. Тек бір жолға кешірім сұрап тұрғаным ғой. (Қабанбайға.) Әй, кешірім сұрап, аяғына жығылсайшы.
Қ а б а н б а й. Шок, мен жазықсыз жазғырған адамнан кешірім сұрай алмаймын.
Бекболат. Ой, сеп де бір... Биғайша апа, біз сізден үлкен кешірім сұраймыз, бір ашуыңызды қиыңызшы.
Б и ғ а й ш а. Жоқ, жолдас Жалғасбаев, құйрығыңызға шала байлансын демесеңіз — бүгін жатақтан тайыңыз. Бұл жақсылықтың өзін мына Бекболаттың сөзін қимағандықтан істеп тұрмын. Әйтпесе мына әктілерді ертең ректорға беріп түбіңе жетемін. Общежитиеден орып сұрап жүрген тәртіпті студенттер толып жатыр.
Бекболат. Биғайша апа, сіз керемет мейірбан адамсыз. Сізді сол үшін бәріміз жақсы көреміз. Енді бір шегініңізші.
Б и ғ а й ш а. Жоқ, енді шегінбеймін. Қарашы, демалыс күпі настроениемді бұзып... (Шығады.)
Қабанбай (қалшылдап). Ай, өзі неткен дүлей-ай. Тіпті бар ғой, сөздің байыбына бармайды. Өзін де қатырдым-ау.
Бекболат. Иә, қатырдың.
Қ а б а н б а й. Сіздің өзіңіз мынандайсыз, апырай қызыңыз қандай екен, деген жоқпын ба? Қалай тауып айттым-ай.
Бекболат. Өміріңде бір тауып айтқан сөзің еді, бірақ соның өзі сорыңа көрініп тұр ғой.
Қ а б а н б a й. Неге сорыма?
Б е к б о л а т. Енді жатақханадан кетесің. Болмаса бұдан да үлкен пәлеге қаласың.
Қабанбай. Өзім де кетем. Пәтерге шығам.
Б е к б о л а т. Пәтердің ақшасын қалай төлейсің? Ойлан.
Қ а б а н б а й. Қанша ойлансам да жазықсыз жазғырған адамның аяғына жығылып, бас ие алмаймын. Жұмыс істеймін. Дүкенге барып жүк түсірем, болмаса асханаға барып ыдыс-аяқ жуам. Әйтеуір бір нәрсе табармын. Тек маған бір пәтер тауып берші. Сенің араласып жүрген адамдарың бар ғой.
Бекболат. Ыдыс-аяқ жуам дейсің бе?.. Тоқта, тоқта. Маған бір керемет ой келіп қалды. Бір жерде бір пәтер бар.
Қабанбай. Ыңғайлы ма?
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)