Musa Tabitayhas quoted7 years ago
еріне еліктейсің!» — деді ол. Ғажап екен! Оған қандай дәлелі бар? Мұнысы, сен қуыс қурайсың, өмірге өз көзіңмен қарамайсың дегені де. Мүмкін, мен шынында да солай шығармын? Өз бойымдағы кемшілікті көре алмай жүрген болармын. Өзіме өне бойы өз көзіммен қарамай, кісі көзімен де қарауым керек шығар.
Сен кімсің, Шолпан, ә? Оқыған қызбын, білетін қызбын деймісің? Осыдан басқа айтарың бар ма? Мүмкін, сені улап жүрген осы ұғым болмасын.
Міне, мен басқаның көзімен де қарап көрдім өзіме. Оның айтқаны осы ғана болды. Мен, тіпті, босқа қиялданып отырған болармын, адам өзіне басқаның көзімен қарай алмай жүрмесін...
Өміріме көз жіберіп көрейін. Балалық шақты не қылам, бой жетіп, сылана бастаған кездерімді шолайын. Орта мектепте оқыдым, жақсы бітіріп, институтқа түстім. Қазір институттың III курсында оқып жүрмін. Айтуға оңай-ақ. Бірақ бұл өмірімнің сыртқы тұлғасы ғана. Ал ішкі дүниеде осы уақыттарда қандай өзгеріс болды?..
Мен көркем кітапты жастай оқыдым және таңдап емес, қолыма түскенін оқыдым. Маған жөн сілтерлік үйімде білімді адам болмады. Жұлдыз айтқандай, бір кезде оқыған романдарымның кейіпкеріне елігіп те жүрдім. Бірақ мұның бәрі қиялыма, ойым
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)