Аружан Машраповаhas quoted8 years ago
БIРЖАН, ОРЫНБАЙ, ШӨЖЕ АҚЫНДАРДЫҢ АЙТҚЫРЛЫҚТАРЫ
Кедей Сағынайдың асына сауын айтылып, жан-жақтан жұрт жиналады. Сол аста басқа кедейлермен бірге, ақындар бәйгесі де тігіледі — ақындардан Сағынайдың байлық-салтанаттық дәрежесін кім де кім бір ауызға сыйғызып жақсы өлең шығарып айтса, соған бас бәйге берілмекші. Жиылған ақындардың ішінен Орынбай, Шөже, Біржан сал өлең бәйгесіне түседі. Бірінші сезді Керей баласы деп Біржанға береді, онан кейін, Орынбай,
Шөже айтады:
Біржан:
Сағынай, Мәті — Дәулен жайындайсың,
Тел ескен, сен қысырдың тайындайсың.
Дәулетің жеті атаңнан арылмаған,
Киіктің даладағы лағындайсың.
Орынбай:
Керейде Сағынай мен Мәті — Дәулен,
Көркің көпке, күндей болып түсер сәулең,
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің, есен-аман, өңкей сәулем?
Шөже:
Сағынай, Мәті — Дәулен — егізімсің,
Қол жетпес қабырғаңа семізімсің.
Жеті атаң, жеті руға жетім берген,
Сонда да: таусылмайтын теңізімсің.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)