Арайлым Байгубековаhas quoted7 years ago
О. Шпенглердің кейінгі жұмыстары мыналар: «Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихи морфологиясының очерктері. Т. 1. Образ және шындық» (1918), Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихы морфологиясының очерктері. Т. 2. Дүниежүзілік тарихи перспективалар» (1922), «Пруссандық социализм» (1920), «Пессимизм осы ма?» (1921), «Адам және техника (1931), «Шешімдер жылдары. Германия және дүниежүзілік - тарихи даму» (1933) және басқалары. «Европаның құрдымының» бірінші жарық көргеннен бастап Шпенглердің мәдени-философиялық және философиялық-тарихи тұжырымдамасының идеялық қайнарлары жөнінде пікірталас өрістеді. Осы тұжырымның көптеген тұстары орыс ғалымы Данилевскийдің «Ресей және Европа. Славян әлемінің Герман-Романдыққа мәдени және саяси қатынасына көзқарас» (1871 жылы жеке басылым жарық көрді) кітабында баяндалған идеяларды еске түсіретіні анықталды. Бірақ орыс философы В. С. Соловьёв өз кезегінде осы шығарманың неміс тарихшысы Г. Риккерттің «Дүниежүзі тарихының органикалық танымдағы оқулығы» (1857) шығармасымен идеялық және текстологиялық сәйкестігін атап көрсетеді. Алайда, талдау Шпенглер мен Данилевскийдің жекелеген идеяларының сыртқы ұқсастығын ғана көрсетеді; олардың ілімдері танымдық және әдіснамалық негіздері бойынша гүрлі ғана емес, бір-біріне мүлде сәйкес келмейді.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)