b5268489955has quoted5 years ago
Әңгіме
Екі салт атты адырдың басына желе-жортып шықты да аттарының басып іркіп, алақан астынан алысты шолды. Төмен қарай көлбеп бара жатқан кең жазықтың шетінде мұнартып оқшау тұрған жалаңаш тау көрінді.
Анау Ипан тауы ғой,— деді жас жігіт қамшысымен нұсқап.
Жас жігіттің даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап, жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты — жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды.
Бұл маңдағы ауыл көшіп кеткен-ау, – деді Естемес ойланғандай болып.
Неге? Ауыл ылдида — Ипанның етегіндегі қайнарда болар,— деді жас жігіт.
Қыбыр еткен бір қара көрінбейді. Бұл ауылдың малы әрі Ипан аспай, бергі осы бозда жайылатын еді ғой.
Жаңа ғана Ипанды көргенде балапандай талпынып сергіген жас жігіт енді басылып қалды.
Ие, мал көрінбейді, – деді ол даусы солып.
Естемес жас жігітке өңі жылып, есіркей қарады.
Шаршадың білем, ә? Оқасы жоқ, ел болмаса да, қайнарда ат шалдырып, тыңайып алармыз,— Ол сәл күрсінгендей болды.— Күйшінің өмірі осы. Қамшыны тастай беріп, домбыра ұстайсың
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)