inabathas quoted12 years ago
БЕСІНШІ ТАРАУДА Менің Жанармен дойбы ойнауым және қиял құсының самғай ұшатын бір шағы айтылады Екі күннен кейін бір топ бала думандатып, пионер лагеріне жүріп кетті. Мен ішім күйіп ауылда қалдым. Түстен кейін бригадир келіп тұр есік алдына. – Қара Қожа үйдемісің? – деп дауыстады. – Үйдемін. – Есік алдына шықтым. – Киім-кешек, төсек-орныңды дайындап, әзірленіп тұр, – дейді бригадир, – шөп шабысқа барасың. Ауылдағы балалардың бәрі барады. Шөп жинайсыңдар. – Бармаймын, – дедім мен. – Неге? – Мен үлгісіз, тәртіпсіз оқушымын. Ештеңеге де жарамаймын. Менің ренішімнің жай-жапсарын білгеннен кейін бригадир: – Ой, жолың болғыр, жігіт адам соны да сөз дей ме екен. Не бар дейсің сол лагерьде. Қызықтың көкесін сен шөп шабыста көресің. Біз онда сендерге көңіл көтеретін барлық жағдайды жасаймыз – деп, үгіттей бастады. Үгітте, үгіттеме Қожакең айтқанынан қайтпайды. Әрі шөп шабысқа Майқанова да барады дегенді естідім. Жоқ, Майқанова жүрген жерде мен жүре алмаймын. Тым құрса, жазғы демалыста одан құлағым тыныш болсын. Мамамның колхозда сауыншы болып істейтінін мен сендерге айтқан жоқпын ба? Олардың фермасы осыдан бірнеше күн бұрын ғана жайлауға кеткен болатын. Жайлауды көрмегеніме бірнеше жыл болды, одан да сонда барғаным рахат емес пе деген ойға келдім. Ол үшін көлік керек, оны қайдан алам? Бригадирден сұрағанмен бермейді. Шіркін-ай осындайда меншікті бір атыңның болғаны абзал емес пе. Қалаған жағыңа соқтырып жөнелер едің. «Ер қанаты – ат» деп, қазекем бекер айтпаған ғой.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)