Лаура Абилгазина
Лаура Абилгазинадәйексөз қалдырды8 ай бұрын
Болсаң да жалғыз жапанда
Сырыңа, қүрбым, берік бол!
Күбірлесе-ақ ауызың,
Әкетер қағып жүйрік жел.
Ертегі ерте күндерде
Ескендір атты хан болған.
Бесіктен көрге кіргенше,
Көргені қызыл қан болған.
Заманында Ескендір
Жеті өлемді билеген.
Асқан алып киелі, —
Түссе де отқа күймеген.
Ескендірдің басында
Екі мүйіз — нысана!
Жабайы жүртқа көрсетсе,
Қасиеті қала ма?
Қос мүйізін жасырып,
Ескендір ер жасынан
Алмайды екен еш уақыт
Дулығасын басынан.
Ескендірдің басынан
Талай заман көшіпті.
Арыстанның жалындай
Жалпылдап шаш өсіпті.
Күндерде бір Ескендір
Шарап ішті балбырап.
Шашын біраз кесуге
Шаштаразды алдырад.
Келгеннен соң шаштараз,
Дулығасын алады.
Шаштараз көріп қос мүйіз,
Қорқып-сасып қалады.
Айтады оған Ескендір:
"Қорықпа, қүлым, бері кел
Тұрам десең дүниеде
Ауызыңа бірақ берік бол!"
Шаштараз кетті жайына
Күндер, айлар өтеді.
Шаштараздың жүреғін
Мынау сыр бірақ өртеді.
Ауызы-басы жыбырлап,
Сөйлегісі келеді.
Сөйлесе сорлы шаштараз
Сол сағатта-ақ өледі.
Енді сорлы не қылмақ?
Барады жанып, іш күйіп.
Бір құдықтың ауызына
Жатты келіп еңкейіп.
Жан-жағына қаранып,
Күрсініп бір уһі деп: "
Ескендірдің мүйізі!.." —
Деді ақырын күбірлеп.
Жақын түрған жас қамыс
Қоя қойып сыбдырды,
Түре қойып қүлағын,
Тыңдай қалды күбірді.
Мынау сырды білді де,
Қамыс төмен иілді.
Басына түрлі ой келіп,
Түнжырады күйінді.
Ескендірдің екі мүйізі, Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы
Ескендірдің екі мүйізі
  • 8
  • 2
  • 3
  • 0
Тегін
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды