inabathas quoted12 years ago
– Саламатсың ба, Жанар? – Амансың ба. Жанардың сол жақ иығына жұққан болмашы әк көзіме шалына кетті. – Жанар, иығыңды былғап алыпсың ғой? – Кәне? – Міне. Шертіп-шертіп жіберіп едім, әк кетіп қалды. Және сүрткілеп жатырмын. Жанардың жұп-жұмыр әдемі иығы алақаныма біліне түскен сайын айырылғым келмейді. – Рақмет, – деді Жанар. Екеуіміз қатарласып келе жатырмыз. – Кеше сен қорықтың ба, оқудан шығарады екен деп? – Неге қорқам, шығарса, Сартоғайдағы нағашымдікіне барып оқитын едім. Сен білесің бе, ондағы мектептің қандай екенін? – Қандай? – Екі этажды. Физкультура залын көрсең ол мектептің...Не болса соны сөйлеп бара жатқанымды сезе қойдым. Біраз мүдіріп, төңірегіме қарап алдым да, кенет: – Жанар, – дедім. – Не? – Менің кешегі хатты кімге жазғанымды білесің бе? – Қай хатты? – Жиылыста Жантас айтқан хатты... Жанардың жүзі қып-қызыл болып кетті: – Кімге жазып едің? Өкпем аузыма тығылды. – Жай... ойнап айтам... – дедім.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)