Саясат Акбулатовhas quoted5 years ago
Жаратушы 9 ай 9 күн ішінде дайын етеді. Адам ағзасындағы ең күрделі аппарат ми. Заманауи технология көрсеткендей оның ішкі конструкциясы тым күрделі. Өйткені ми ертең күрделі ойлар қайнап жататын зерденің қара қазаны болуға тиіс. Болашақ адам осылай қалыптаса бастайды. Адам Жер бетінде күн көру үшін ойлауы керек, көруі керек, жүруі керек, естуі керек, тамақтануы керек, иіс сезуі керек. Ұрпақ жалғастыруы керек. Жаратушы сондықтан адамды жобалағанда осы функцияларды атқаратын мүшелерді жобалаған. Адам ағзасы инженерлік тұрғыдан да, эстетикалық тұрғыдан да мінсіз. Мысалы, асқазанға жеткенше асты ұнтау керек, сол үшін адамға тіс берілген. Ас асқазанға түскесін қорытылуы керек. Оған қышқыл құю керек. Осы мақсатта өт жаратылған. Асқазанда қорытылған ас бауыр арқылы қанға айналып, ол қан бүкіл ағзадағы жасушаларға қорек тасымалдауы керек. Ал, қанды бүкіл ағзаға айдап тұратын компрессор қайда? Ұлы инженер -Жаратушы о жағын да қарастырған. Нәтижесінде өмірге таңғажайып аппарат жүрек келген. Қарапайым қисынға салсақ жүрек алып шаһарды ауыз сумен қамтамасыз етіп тұрған компрессор-станса қызметін атқарады. Қала саларда инженер-жобалаушылар қалай бәрін алдын-ала жоспарласа, адамды жобалаған Жаратушы да бәрін алдын-ала реттегені көрініп тұр.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)