inabathas quoted12 years ago
Қолыма таяқ алып, әлдекімдерге еліктеп сылти басып, солай қарай келе жатырмын. Жанардың төбесін анадайдан бір керсем де дәтке Қуат емес пе. Мүмкін ол ұшырасып та қалар. Жайлауға баратынымды айтам. Менің қайда екенімді ол да біліп, ойлап жүрсін. Жанар мені жайшылықта ойлай ма екен, ойламай ма екен, ә? Бұл үйде Жанардың әжесінен бетер сескенетін тағы бір қорқынышым – осы үйдің антұрған қабаған қара төбеті. Атты кісінің омырауына шапшитын жауыз төбет. Ол бос болса, үй маңынан тірі жанды қия бастырып өткізбейді. Жоқ, қара төбет байлаулы екен. Арғы көше жақтан келген біреуге арс-арс үріп, жұлқынып тұр. Мен бергі қора жақтағы ағаш шарбаққа жақындай түстім. Осы кезде үйден Жанар жүгіріп шығып: – Ақтөс, жат! Бар орныңа! – деп, зеки бастады. Қақпаның ар жағынан әйел даусы естілді: – Жанаржан, әжең үйде ме? – Әжем бағана тауық фермадағы Сүйінбай атамдікіне кетіп еді. Әлі келген жоқ.Жанардың үйде жалғыз екенін білгенде, қуанышым қойныма сыймады. Не де болса, бірер ауыз тілдесіп қалуға бел байладым. – Жанар! – деп дауыстадым, ол жүгіре басып, бері қайтып келе жатқанда. Үнім бейне бір шошыған немесе аяқ астынан ғажайып бір қымбат зат тауып алған адамдай жарқын шығып кетті. Селк етіп, тоқтай қалды Жанар (Үй маңдайшасына электр шам орнатылғандықтан есік алды сүттей жарық еді). Дауыстың қайдан шыққанын тұспалдай алмай, төңірегіне жалтақ-жалтақ қарап барып, көрді мені. – Кеш жарық, Жанар. Жанардың таңданған жүзі дереу күлімсіреді. Қасыма жүгіріп келіп, ағаш шарбақтың үшкіл басынан ұстап бетпе-бет тұра қалды. – Кеш жарық, Қожа. Неғып жүрсің? – деп сұрады ол. – Мен түнделетіп жайлауға кетем. – Мамаңа барасың ба? – Иә, сен неге лагерьге бармадың?
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)