Акгуль Ашамаеваhas quoted7 years ago
күркіреген Бұқтырманың кәусар суына жуынып, қып-қызыл боп алжырап жатқан бүлдірген, жоқ болмаса анау таңқурайды таңдайыңызға салып талмаңыз да, оразаңызды ашыңыз. Міне, сіз Алтайдың арайлы таңына шомылып тұрып, мынау дүниеге жаңа келгендей лүпілді жүрек, лыпыған сезіммен: «Өмір не деген тамаша едің!»— деп, бар даусыңызбен және айқайлайсыз. Сіздің өмірге ғашық екеніңізді анау ұйқысынан жаңа ғана оянған алып таулар жаңғырықтыра тағы да үздік-создық қайталайды-ай... Ал сіз Алтай жазығының жазиралы келбетіне сүйсіне, балқарағай мен шайыр, иісі қоса аңқыған таңғы таза ауаны жұтасыз, армансыз жұтасыз. Сонсоң... сонсоң иін тірескен қалың орманды аралап, тау басына өрмелеңіз. Тау басына көтерілген сайын, анау бір Алтай бұрымы іспетті Бұқтырма, анау тілдей-тілдей көгерген егін, асықтай-асықтай үйрілген аяулы ауыл, жер сонысына тас кенедей жабысқан төрт түлік мал, қара жолдың шаңын аспанға көтерген машина аяғыңыздың астында қалады. Ал сіз — Адам, биіктей бересіз, биіктей бересіз. Енді, міне, орман да таусылды, таудың бірыңғай шақпақ тастарын сусытып, тас шоқының таз басы басталады. Шоқының ұшар басын жасырып аппақ бұлт шөгіп жатады. Аппақ бұлт тауды екіге бөліп сұлап жатады. Кейде осынау аппақ болып сұлап жатқан бұлт жылап та жатады. Ол осынау асқаралы шоқышыңдардың ақ сәлдесі іспетті. Алтай жазы жауынды болады. Ашық күндері аз. Әсіресе, июль айында күн күркіреп, жан шошырлық найзағай ойнайды. Найзағай ойнаған сайын жай түсіп, зәулім қарағайларды қақ айырады. Кей күні бауырсақтай-бауырсақтай өткінші бұршақтар шауып өте шығатыны бар. Алтайда салба-салба бай самырсындар бар, оның басына жаңғақ өседі, бір ай нөсер жауса да, әлгі самырсындардың түбінде отырған
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)