Жулдыз Талгатовнаhas quoted7 years ago
Салиха (басын көтеріп. Ләззатқа аз уақыт үнсіз қарайды). Мүмкін, бізге де сабақ оқу керек шығар.
Л ә з з а т (түсінбей). А?
Сaлиха. Столды сабамасаң шабытың келмей ме?
Л ә з з а т. Қайдағы стол?
С а л и х а. Алдыңдағы.
Л ә з з а т. Ғафу ет, Салиха.
С а л и х а. Шабытыңды үркітіп жібергенім үшін, сеп ғафу ет. Шыныңды айтшы, осы
сенің ақын болмақ ойың бар ма?
Л ә з з а т. Білмеймін.
С а л и х а. Жасырмай-ақ қой, ниетіңді білемін. Одан да мен саған бір ақыл айтайын, соны тыңда.
Л ә з з а т. Қандай ақыл.
С а л и х а. Сен оқуды таста.
Л ә з з а т. Тастағаны несі?
С а л и х а. Көп оқысаң ақылды боп кетесің. Ал, ақын адамға ақылдың керегі жоқ.
Л ә з з а т. Неге керегі жоқ.
С а л и х а. Осы күнге дейін соны білмейсің бе? Ауылдан келген қыздан не сұрайсың... Өлеңнің қайдан туатынын білесің бе, өзің?
Л ә з з а т. Білмеймін... бастан туатын шығар.
С а л и х а. Өлең сезімнен туады. Ал, ақылдап ғылым туады. Сондықтан да ақын болатын адамға — оқу деген қып-қызыл зиян. Ұқтың ба, мұңлық. Бағила қалай «Мұңлық» деп атыңды тауып қойған. Несіне қарайсың?
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)