Zhuldyz Erzhanovnahas quoted8 years ago
белгілі силлогизм жайындағы кітабы арнайы бағышталған, оның мәні "Дәлелдеме туралы" кітабынан [бөлімінен] танылады.
Ал аргументацияны зерттегеннен кейін барып оқылуға тиісті кітаптарға келсек, бұлар ақиқат дәлелдеме мән түгелдей де, өтірік - шыны аралас та болып келетін жалған дәлелдеменің арасындағы айырмашылықты анықтауда көмектесетін кітаптар. Түгелдей жалған дәлелдемелер оның "Өлең шығару өнері туралы" /19/ деген кітабында талданылады. Өтірік-шыны аралас дәлелдемеде өтірігі мен шыны тең, болып келуі де, не шыны көп, не өтірігі көп болуы да мүмкін.
Жартылай ақиқат және жартылай жалған дәлелдеме оның "Шешендік өнері" /20/ деген кітабынан танылады; ал жалғанынан ақиқаты басым дәлелдемелерді оның "Диалектика мәселелері туралы" /21/ деген кітабынан білеміз, ал ақиқаттан көрі жалғаны басым дәлелдемелерді "Софистер өнері туралы" /22/ деген кітабынан білуге болады.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)