b2105292936has quoted7 years ago
Кіші жүз: Қарабура ұранды Тамада «Қу жарғақ Сарыбас» атанған мерген болыпты. Бетпақ шөлінде Жетіқоңыр құмында аң аулап, өмір өткізіпті.
– Бір түн далада жалғыз жатыр едім. Топтанған киік жосылып,жөңкіп өтіп барады. Оның артынан арқар, оның артынан құлан, оның артынан бұлан, оның артынан бұғы, оның артынан аладомбай, оның артынан кертағы, бірінен-бірі қалмай, шұбап өтіп жатыр. Ең соңында қаралдысы иттен кіші, мысықтан зорырақ, бір кішкене жануар айсыз қараңғыда далаға жаққан оттай жарқ-жұрқ етіп, аяқпен басып бара жатқан сияқты емес, қанатпен ұшып бара жатқан сияқты көрінген соң, бір атып қалдым, жығылды. Түн ішінде қорқып, батып қасына бара алмадым. Таң атқан соң, ақырын аяндап қасына бардым, өліп жатыр. Аңнан бөлектігі - қанаты бар, өмірімде көрмеген нәрсем. Терісін сойып алып, илеп, жанға айтпай, адамға көрсетпей сақтадым. Бұрын атқан аңдарымның етін қақтап, обаға, іншіктерге тыға беретұғынмын. Тұс-тұсынан ел келіп, алып кете беретұғын. Терісін де сондай: сауырын алып, далаға тастап кете беретұғынмын. Сауырларын Бұхара базарына бара жатқандарға қосып, оқ-дәрі, керек-жарағымды алдырып тұратұғынмын. Мынау қолыма түскен соң, Бұхара базарын аралауға көңілім соқты. Бұл сықылды аң терісі болса, сонда болар деп, жаяу барып, Бұхара базарын аралап жүрдім. Бұл сықылды аң терісі көрінбеді. Көз тұнжырататұғын аң терісін жинаған бір бай шақырды:
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)