b8645211927has quoted8 years ago
Менің алғашқы кандидаттық диссертациям Қазақстандағы 1930—40 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай болатын. Алғашқы дейтін себебім: Мен ЛТП-да яғни еңбекпен емдеу профилакториясынан «алқаш» ауруынан айыққандай болып келген соң, екінші диссертация жазғанмын. Амал не, оны да қорғатпады. «Ұлтшылдықпен уланғансың» деп, сүйрелемеген мекемесі қалмады, тіпті КГБ-ның да алдын көрдім... Ол басқа әңгіменің тақырыбы, кейін оралармыз... Сонымен 1930—40 жыл... Өздеріңіз де білесіздер, бұл бір біз үшін ең бір қиын кезең, даулы кезең, дауылды кезең. Бүкіл өмірімді осынау ауыр жылдардың шыңғырған шындығын ашуға сарп еттім. Көптеген деректерді архивтен ала алмадым, ол жаққа апарар жол жабық болды да, Москва, Ленинград архивіне өз қаражатыммен барып, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалып, аш-жалаңаш жүріп көз майын тауысуға тура келді. Аяғында мұқым еңбегім зая кетіп, қудаландым. Қорғатқанды қойып, қолжазбаңды өрте деп, артыма шырақ алып түсті.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)