Автордың мәлімдемесі
Бұл еңбектің алғашқы төрт кітабын түсіну үшін мыналарға назар аудару қажет: 1) республикалық ізгілік деп мен Отанға деген сүйіспеншілікті, яғни теңдікке деген сүйіспеншілікті айтамын. Бұл христиандық немесе адамгершілік ізгілігі емес, саяси ізгілік. Монархияның қозғаушы серіппесі абырой десек, республикалық үкіметті қозғалысқа әкелетін негізгі буын саяси ізгілік болып табылады. Соны негізге ала отырып, мен Отанға және теңдікке деген сүйіспеншілікті саяси ізгілік деп атап отырмын, өйткені менің басыма келген жаңа идеялар өздеріне жаңа атаулар табуға немесе байырғы сөздерді жаңа мән-мағынада қолдануға міндеттейді. Мұны түсінбегендер маған неше түрлі қисынсыз сөздерді жапсырады. Олар әлемнің қай елдерінде болмасын ашу-ыза тудырарлықтай еді, өйткені әлемнің барлық елдерінде де адамгершілікті жоғары бағалайды емес пе?!
2) Қандай да бір үкіметте белгілі бір қасиеттің, рухани ахуалдың немесе ізгіліктің негізгі қозғаушы күш болып табылмайтындығын тұжырымдау мен осылардың сол үкіметте мүлдем жоқтығы туралы қорытындыға келу арасында үлкен айырмашылық бар екендігіне назар аудару керек сияқты. Егер де мен осы дөңгелек сағат механизмін қозғалысқа келтіретін тетікке жатпайды десем, бұдан осы бөлшек сағатта мүлдем жоқ екен деген қорытынды шығаруға болар ма еді? Монархияда христиандық, адамгершілік, тіпті саяси ізгіліктің ізі жоқ деуге де негіз әлгіндей ғана. Сондықтан, бір сөзбен айтқанда, республиканың қозғаушы күші саяси ізгілік бола тұра, онда абыройға да орын бар, ал монархияның қозғаушы күші абырой екендігіне қарамастан, саяси ізгілік монархияда да кездеседі.
Өзімнің шығармамның үшінші кітабының бесінші тарауында ізгілікті адам жайында айтқанда, мен христиандық немесе адамгершілік ізгіліктеріне ие адам туралы емес, жоғарыда айтылған, саяси ізгіліктерге ұмтылатын, яғни саяси құт-берекеге талпынған адамды айттым. Ол адам өз елінің заңдарын сүйетін және өз іс-әрекеттерінде сол заңдарды ықыласпен басшылыққа алатын адам. Осы басылымда бұлардың бәрін өз идеяларымды бұрынғыдан анағұрлым анық айқындау жолымен нақтылай түстім. Мен ізгілік сөзін қолданған жерлерімді кітаптың көп тұстарында саяси ізгілік тіркесімен алмастырдым.
Шарль Луи де Мон­те­с­кьё. Заңдар рухы ту­ралы
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды