inabathas quoted12 years ago
менен. – Жоқ. Біздің мына ала бөтен жүрісімізді ұнатпады-ау деймін, мамамның қас-қабағы салқын еді. Сұлтан соны аңдады ма, түспеді. – Ертең келем. Мен саған ат тауып әкелем, – деді. – Мақұл. Сұлтан кеткен соң мамам: – Өзіңе серік болатын адамды жаңа тапқан екенсің. Бұл сені бір күні батпаққа жығып кетер, – деді. – Өз жөнімді мен өзім білем, – дедім. – Иә, біліп жүрсің. Жаппаға кірдім. Төр алдында шынтақтап Қаратай жатыр. Осылай қарай жұмыста жүріп, тартып отырған болу керек, үстінде май-май көне комбинезон. Бірақ тікендей болып, сояулап тұратын сақалы бүгін жып-жылмағай. Қаратай еңсесін көтеріп малдас құрып отырды. Әдетінше шекесін қасып-қасып алып, ұртына күлкі қыстыра сөйлеп, менімен жылы амандасып, іші-бауырыма еніп барады. – Жайлауға демалайын деп келдің бе? Дұрыс болған. Мұнда қымыз мол, рахат емес пе, – деді. Үшеуміз отырып, шай іштік. Шайдан соң мамам сиыр саууға дайындала бастады. Қаратай хош айтысты да, мотоцикліне отырып, кетіп қалды. Көк шалғынды жапыра қап-қара етіп із тастап, жолсызбен зырғып бара жатқан оның соңынан мен бірғауымға дейін қарадым да тұрдым. – «Япыр-ау, бұл неге келе береді? Не керек оған? Бәрібір мамам оған ешқашан да күйеуге шықпайды ғой. Ал егер шыға қалса...». Бұл ойым маған құбыжықтай қорқынышты. Оны басыма жолатпауға тырысам. Аулақ. Аулақ жаман ой. Мен одан да алыста, таудың ар жағында қалған Жанарды ойыма алам. Жанар. Мен «Жанар!» деп, дауыстағанда, сен әуелі үннің қайдан шыққанын білмей аңтарылып тұрып қалып едің... Жайлауға қалай келіп жеткенімді айтып, Жанарға хат жазсам ба екен. Қаратай... тфу, қабаттасып ойымнан осы шықпайтын болды-ау. Бәлем, ойламаймын сен жөнінде, әдейі ойламаймын, қайтер екенсің...
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)