Asem Serikbaihas quoted5 years ago
Қасқыр жазда түлейді. Киімін ол да жеңілдетеді. Ал қыста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін көк бөрің – осы. Аңшылар оны осы кезде аулайды.
Қасқыр затын адамдар жек көреді. Көбі қорқады,тіптен бәрі қорқады. Малын жеп қояды, содан өштеседі. Ал адам мал жемей ме? Жейді. Оны ешкім күстәналамайды.
Қасқырдың адамнан өзгешелігі – адам бәрін жей береді. Шөп-шаламды да азық қылады. Тіпті бақа-шаян жейтін ел де бар. Ал қасқыр шөп жей алмайды. Тек емдік үшін өте сирек дәру шөптерді қажағаны болмаса, шөп атаулыны аузына алмайды. Ал әлдеқалай ауырса – тек асыл тамырды ғана татады. Өзін-өзі емдемесе, қасқырды кім емдейді?! Табиғат солай жаратқан.
Қасқыр тек етпен ғана қоректенеді. Су ішеді. Арақ ішпейді. Ол Құдайдан шекер мен бал сұрап жатқан жоқ. Ананас пен банан талап етпейді. Оның бәрі адамдардың ермегі. Қасқыр адамдар сияқты тойымсыз, тәуфихсыз емес. Бөрі баласын жұрт: «қорқау, қомағай» деп ғайбаттайды. Бәрі бекер. Қомағайлық, қорқаулық алдымен адамға тән.
Құдай солай жаратты. Оған бөрі баласы кінәлі ме? Амал жоқ, ет керек, еттен басқа қорегі жоқ.
Қасқырды жамандап жатқандарды көргенде, мен ішімнен:
− Уа, қасиетті киеміз, бұл пенделерді кешіре гөр, – деп отырамын.
Көк Бөрі біздің қасиетті киеміз ғой. Көк Түрік заманында көк байраққа алтындап, Көк Бөрінің басын салып қояды екен. Сол тегін деп пе едіңіз?! Тегін емес қой. Қазіргі көк байрағымызға:
− Бөрінің басын салайық, – деп ұсынғанымда, кәдімгідей ақылды, биік дәрежелі, лауазымды адамдар күлді:
− Ай, осы жазушылар-ай, қайдағы жоқты айтады, – деді. Амал не, көп айтса, көнесің дағы. Мейлі, келер ұрпақ бізден гөрі парасаттырақ болса, түзетіп алар.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)