Асыл Кулмановаhas quoted7 years ago
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ТҮРКИЗМДЕР
Жарты әлемді жаулап алған атақты Рим императоры Юлий Цезарь Британияда да төрт жүз жылдай үстемдік етті. Рим империясына ІV ғасырда оңтүстіктен варварлар қауіп төндіре бастады. 383 жылы Юлий Цезарь әскері Британ аралдарын тастап, империяны варварлардан азат ету үшін көрші Францияға кете бастады. 407 жылға қарай римдіктер аралдан түгел кеткенде бриттерге солтүстіктен скот мен пикт тайпалары шабуылдап тыным бермеді. Жергілікті халық қорғансыздың күнін көрді. Қаскүнем скоттар мен пиктерден әбден зәрезап болған брит елбасшылары Германиядан жауынгер аңгл, саксон және ют тайпаларын көмекке шақыруға мәжбүр болды. Елді жауыз айдаһардан азат еткен бөрі адам Беовулф туралы әйгілі «Beowulf» дастаны осы оқиғаларға байланысты пайда болған еді. Беовулф сол аңглсаксон тайпаларынан болатын. Саксондардың арғы тегі – малына жақсы жайылым іздеп көшіп-қонып жүріп Батыс Еуропадағы Германия мен Cкандинавия жеріне қоныстанған сақ тайпалары. Қазақ халқы, жалпы түркі халықтары тарихта әр дәуірде әр түрлі (ғұн, скиф, сармат, татар, қазар, бұлғар, түркі, қырғыз-
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)