b8645211927has quoted8 years ago
Ашаршылық демекші... Нюра Фадеевнаның сол бір зауал кезең туралы айтары көп, тіпті ендігі қалған өмірінде аманаттап тауыса алмас ұзақ сонар, есіне түссе, қазір де ұйқысынан шошып оянар қасіретті хал, қайғылы оқиға; қаймана қазақты оңдырмастай етіп отап түскен лағнетті жыл; аш көз адамдарды аздырып-тоздырған, мал мен жаннан сипаңдай болып айрылған ақ сүйек жұт, азамат малсыз, арғымақ жалсыз қалған қанқұйлы мезгілдің сор сорғалаған құрығы өзінің де басына тиіп еді-ау; тәңірім-ау, анталаған жау, ант ұрған ұры-қарысы, ерегескен дұшпаны жоқ халықтың бостандыққа, теңдікке қолы енді ғана жетіп, жетісеміз деп отырған шағында шаңырағы ортасына түсіп, өрт шалған ормандай қара күйік болып қалуы — қандай ғана қасиетсіздің қарғысы еді; қандай ғана қанды қолдың ойлап тапқан жәдігөйлігі, ар-ұят пен адамшылықтан безген имансыздығы еді; «бостандық келді» деп, жұмақ орнағандай далақтаған қазақты аспаннан жай түскендей ес-таңды күйге душар еткен не? Ботадай боздатқан, қайыршыдай қаңғыртып жіберген кім? Жаназасыз, көмусіз, құнсыз қырылып қалған ауылдастарымның обал-сауабы кімде? Енді ғана «аталап, апалап» тәй-тәй басқан тұңғыш қызымның аузы аққа жарымай, әбден шандырланып бос торсықтай болып қалған сүтсіз емшегімді тырмалап, көз алдымда көгеріп-сазарып жан тәсілімін бергенін қалай ұмытайын; өзімнің де аузымнан қара су ағып, аш иттей бұралып, ыңырсып жатқан жерімде, осы Тағанның шешесі Аналық емес пе еді, басымнан сүйеп нәр сыздырған; үйіне апарып бағып-қағып, жалғыз дәнді өзі жемей ұсынған, апалы-сіңлідей жанымыз жарасып кетіп еді-ау...
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)