Аружан Гинаятоваhas quoted5 years ago
Кәрі кеудесінен жаны шыққанша, Қасымға ендігі қайғының қаншалық ауыр болатынын біліп, бұның сорлы болған пішінін көруге өзінің көзі шыдамай, есіркеп, барлық күшін жиып, езу тартып күлген сияқтанып жатып еді. Сонда өмірді тілесе — Қасым ержеткенше деп тілеген. «Құлынымның бұғанасы қатқанша, рақым ет. Сорлы қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде мені күңірентпе!» — деп тілеп еді.

Әжесі осы тілектің үстінде өліп еді. Қасым сол күнгі жылауынан бастап, үлкен кісідей қайғыға, қаралы күйге түсті. Шешесін жоқтап жылағанда, елжіреп сүйген атасы, өз әке-шешесі түгелімен көз алдына келіп елестеп, кешегі жылы ұяны көз алдына әкеп тұрғандай болушы еді. Қасым бәрінің де атын атап шақырып, кішкене ақ таяққа сүйеніп тұрып, жалғыз өзі
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)