Manargul Shukyen
Manargul Shukyenдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН
ЖҮЗ ТОМДЫҚ
ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР
ҚОЗЫ КӨРПЕШ
(М.Ж. Көпейұлы нұсқасы)
Жаратқан жан біткенді бір Құдай-ды,
Жаратты жарық үшін күн мен айды.
Бұрынғы ноғай-қазақ заманында,
Сөйлеймін Қарабай мен Сарыбайды.
Жарасқан нар түйеге биік өркеш,
Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді-кеш.
Екеуін сәтті күні Құдай қосқан,
Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш.
Сөз қылдым Қарабай мен Сарыбайды,
10. Ноғайлыны екеуі асырайды.
Қолында сүйетұғын баласы жоқ,
Перзент үшін екі бай зар жылайды.
Екі бай сәтсіз атқа мінбейді екен,
Жұмыссыз ел аралап жүрмейді екен.
Дәулеті екеуінің мол болған соң,
Қасына бір-бірінің келмейді екен.
Екі бай бейсенбі күн аңға шықты,
Жұртына аттанды деп өкім шықты.
Туғалы бірін-бірі көрмеген бай,
20. Жүргенде құлан аулап жолығысыпты.
Жүргенде құлан аулап жолығысыпты,
Бір-бірін ақылменен болжасыпты.
Сәлем беріп бір-біріне тұрғанында,
Алдынан буаз марал аң қашыпты.
– Кекілін алшаң кердің сылатпан-ды,
Баласын марал атып жылатпан-ды.
Үйдегі үй кісіміз күмәнді еді,
Сарыбай, сен атпасаң, мен атпан-ды.
Сарыбай Қарабайға сөз айтқан-ды:
30. – Баласын марал атып жылатпан-ды.
Біздің де үй кісіміз күмәнді еді,
Қареке, сіз атпасаң, мен атпан-ды.
– Екеуміз жол-жобадан адаспалық,
Далада марал үшін таласпалық.
Сарыбай, сен ат сана, мылтығың бар,
Берсең де бір мүшесін санаспалық.
Екі бай аңға шыққан әр күн екен,
Жарастықты әзілге келген екен.
Екеуі де ұл тапса, бәйбішелер,
40. Құшақтасқан дос болсын деген екен.
Екі бай әзіл сөзге кірген екен,
Бірін-бірі құмар боп көрген екен.
Біреуі ұл, біреуі қызды тапса,
“Құдай қосса, біз қостық” дескен екен.
Қарабай “Құдай жазса” деген екен,
Аузына жақсы лепес кірген екен.
“Үйде қатын ұл тапсын, күй қыз тапсын,
Қалың малмен берейін” деген екен.
Екі бай әңгімеге кірген екен,
50. Бір-бірінің сөзіне көнген екен.
Екеуі айдалада құда болып,
Жүз жылқы, қырық қара нар берген екен.
Қарабай кең пейілге кірген екен,
Сөйлескенін көп қызық көрген екен.
“Мінеки, бергенімнің алды осы” деп,
Қарғыбау – Айбас құлды берген екен.
Сол кезде қара жаңбыр күн жауыпты,
Қарабай қалжың сөзбен жол тауыпты.
Қатыны Қарабайдың Мамабике
60. Байы түзде жүргенде ұл тауыпты.
Екі бай аңға шығып жүрген екен,
Бір адам “Шүйінші!” деп келген екен.
Қатыным ұл тапты деп қуанғаннан,
Жүз жылқы шүйіншіге берген екен.
Жүргенде құлан аулап күн жауыпты,
Сарыбай қалжың сөзбен жол тауыпты.
Қатыны Сарыбайдың ол Қаракөз,
Жүргенде байы түзде қыз тауыпты.
Екі бай аңға шығып жүрген екен,
70. Бір адам шүйіншіге келген екен.
“Қатыным қыз тапты” деп қайғы қылып,
Тайлы бие шүйіншіге берген екен.
Қарабай қалың малын берген екен,
Далада естіп қуаныш көрген екен.
Қызығы көрген-білген сол-ақ болып,
Қарабай үйге жетпей өлген екен.
Қолында бәйбішенің алтын жүзік,
Жас бала жетім қалды-ау көзін сүзіп.
“Қуанышын жалғызымның көрейін” деп,
80. Жығылды жеткен жерде мойны үзіліп.
Той қылып екі қатын көп мал сойды,
Бұл тойға жұрт жиылып асқа тойды.
Бабай Түкті Шашты Әзіз ақтап келіп,
Қозыке мен Баянның атын қойды.
Екі бай бір маралды тосып кетті,
Алдынан буаз марал шошып кетті.
Ер Қозыке – құрсақта, Баян – іште,
Іште жатқан екеуін қосып кетті.
Борайды оңды-теріс көп жауған қар,
90. Сол күнде Сарыбайдың бейілі тар.
Сарыбай мен Қарабай құда болған шақта,
Құл екен еншілестеу Әліжаппар.
Сарыбай қызымды жесір қатын, жетім балаға қор қылғанша, – деп бұзылып, Аягөзге қарай аусақ қайтеді деп, Әліжаппарға ақылдасады. Сонда қатыны айтқаны:
– Біледі Әліжаппар малдың жайын,
Жалғызға жазған шығар бар Құдайым.
Баланы жастай қалған зар жылатып,
Барасың қайда қашып, қу бас байым?
– Қой қатын, көп сөйлеме көңілім қалар,
Көңіліме мұнда тұрсам қайғы толар.
Қаракөз, көп сөйлемей жық үйіңді,
100. Алдыңда ноғайлының көп жұрты бар.
Сол заманда Аягөзде ноғ
Ғашықтық дастандар
Қозы Көрпеш. М.Ж. Көпейұлы нұсқасы
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды