inabathas quoted12 years ago
ЕКІНШІ ТАРАУДА Қаратай жайында айтылады Күні бойы футбол ойнап, әбден қалжырадым. Ойын үстінде шаршағаның онша аңғарылмайды. Енді міне дел-сал болып, өзімді өзім әрең сүйреп келе жатырмын. Аяққа қонған шаңды қарашы, бір елі. Шіркін-ай, осы бойда барып, күмп етіп, өзенге қойып кетер ме еді. Өзен бойына көз тіксем, қыздар шомылып жүр екен. Мейлі, шомыла берсін, оларға да салқындау керек қой. Ал мен әуелі тамақтанып алайын, ішім итше қыңсылап, түйені түгімен, нарды жүгімен жұтып жібере жаздап келе жатқам жоқ па. Қораның бұрышын айнала бергенім сол еді – көзім есік алдындағы тажалға түсті. Жүрегім дір етіп, бойымды дереу жиып алғандай болдым. Тажал тапжылар емес. Ежелгі дағдысы бойынша біздің босағаны иіскеп, мелшиіпті де қалыпты.Тажал деп отырғаным сыры көше бастаған, жағал-жағал үш дөңгелекті, көкшіл көне мотоцикл. Әр жексенбі сайын оның көрген күні осы, біздің қорадан шықпайды. Мотоциклдің иесі – көрші колхоздағы комбайншы жігіт Қаратай. Жігіт деймін-ау, қайдағы жігіт. Беті әжім-әжім, сақалы тікенектей кәрі біреу. Қаратайды мен қандай жексұрын көрсем, жағал мотоциклді сондай жексұрын көрем. Өйткені оны құстай ұшырып, зырылдатып, лезде алып келетін осы антұрған емес пе. Бұдан бір жыл бұрын Қаратайдың әйелі дүние салған екен. Әйелі дүние салды деген сөз, өзі бойдақ қалды деген сөз. Ал өзі бойдақ қалғаннан кейін тағы да үйленбекші. Осы арада кімге деген сұрақ туады. Дүниеде өзге әйел құрып қалғандай Қарайтайдың есек дәме көңілі менің Миллат мамама ауатын тәрізді. Жағал мотоциклдің әр жексенбі сайын біздің босағаны иіскеп, қаңтарылып тұруындағы гәп міне, осы. Әрине, бұл мәселе жөнінде менен ақыл-кеңес сұрап жатқан ешкім жоқ. Бірақ мен Қаратайға іштей
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)