Еркежан Кимhas quoted6 years ago
гін көпке дейін мазасызданып жүрді. Өз-өзінен құдайым-ай деп күбірлеп, әлдекімге айбат қыла сөйлейді. Табиғаты байсалды, бес биенің сабасындай болып мол пішілген, мінезді ананың ашуланғаны — үлкен тай қазанның маңғаз қайнағаны секілді, бұрқ-сарқ емес екен. Әйтсе де осы шымыр-шымыр ашудың өзі ана болмысынан тым жарасымын тапқан жоқ-ты.

− Не болды, тәте?— дедім.

− Жай өзім ғой. Маған алаңдамай қағазыңды жаза бер.

Күңкілдей сөйлеп, сары ала сандығын ұзақ ақтарып отырды. Отырды да артына бұрылмастан дауыстады:

− Әй, Ораш, бері келші, құлыным.

− Жай ма?
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)