Моля Масуадинhas quoted9 years ago
қойып, олар өздері жалынып сұрайтын­ дә­режеге жеттім. «Май туралы бір өлең жазып бере қой­шы», – дейді. «Неше шумақ болсын?» «Төрт шумақ», «Жа­райды». Сабақ үстінде отырып-ақ жазып тастаймын. «Тәр­тіп жөнінде бір өлең жазып бере қойшы». «Клас­­та қалғып­ отыратындар жөнінде бір сықақ өлең сүй­кеп жібермес пе екенсің? Бірақ бастан-аяқ жа­ғым­сыз­ болып жүрмесін. Әуелі қалғымай сергек отыратын бір ба­ланы сыпаттап ал. Мінеки, осы секілді заказдар отряд,­ класс қабырға газеттерінен қарша борап түсетін болды.­
Бұның бәрі бір кезде мен үшін зор қуаныш, дәреже­ еді. Бірақ бертін келе үйреншікті нәрсеге айналды да, қанағат болудан қалды. Өлеңдерім неғұрлым көп жа­рия­ланған сайын соғұрлым назар аудармайтын, селт етпейтін болып алдым.
Адамды, меніңше, арман жетелейді алға қарай. Мен енді өлеңдерімнің типография әрпімен теріліп, жұрт ақша төлеп, сатып алып оқитын нағыз шын баспасөзде­ жария­лануын аңсай бастадым. Шіркін, қандай тамаша болар еді. Айталық, мектепке «Пионер» журналының жаңа номері келе қалды. Балаларға жаратып беріп жатыр.­­ Сол кезде журнал бетін бұрынырақ, ашқан біреу: «Ау, мынаны қараңдар. Қожаның өлеңі басылыпты!» – деп айғайлап жіберді... Иә, менің өлеңім. «Қожа Қа­дыров» деп, тайға таңба басқандай айқын жазылған.­
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)