b4357286178has quoted7 years ago
− Адамның миына жала жаппа! – деді мұғалім ышқынып, Жолдасбекке заһар шаша қарап. – Әркімнің құдайы адамның басында. Ми миллиардтаған клеткадан тұрады. Солардың тым құрыса, мыңнан бірі жұмыс істесе, әрқайсың бас-басыңа пайғамбар болар едіңдер. Құдай бас болғанда, сол бас сорлатып, ми клеткаларын түгел оятпайды. Ми клеткаларымыз ұйқыдан түгел оянса, біз қазіргідей хайуанат қатарынан бір-ақ адым алда жүрмей, ғарышта, басқа планеталарда жүрер едік. Онда анау батыстағыдай жабайылар соғысы болмас еді. Соғыс салу, адамдардың бірін-бірі өлтіруі, қан төгуі – сол жабайылықтан. Неге жабайы? Өйткені адам миының клеткалары түгел жұмыс істемейді. Сендер де оятпайсыңдар миларыңның клеткаларын! – деп, Иса мұғалім шыңғырып жіберді. – Оңбаған, жалқаулар! Мысалы, Мұртаза баласы Барсхан... Өз туған секундынан бастап, дәл қазіргі секундтқа дейін, қанша секунд екенін есептеп шығара алмайды. Не деген сұмдық! Әлі тас дәуірінде жүр. – Енді маған
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)