inabathas quoted12 years ago
бағын ашпаған мен сорға жылаудан өзге не бұйырған. Қу жалғыз, сенің-ақ күйігіңді тартып өлетін болдым ғой. Осы сен не боп барасың күннен күнге. Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой. Ұялмайсың ба бір мезгіл елден-жұрттан. Қу жалғыз-ау, айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой мына сорлы анаңды. Неге тыныш жүрмейсің. Осы саған не жетпейді. – Маматай, қойшы. Ендігәрі... Мамам менің жалбарына созған қолымды қағып жіберді: – Жолама. Мама деуші болма мені. Құдайдың сендей бала беріп, азапқа сап қойғанынан да, қу бас тастағаны артық еді ғой. – Қойшы маматай... Ең соңғы рет кешірші. Ант етемін... Мамамның тізесін құшақтай жығылған қалпым еңіреп жылап жібердім.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)