Хабиб Хабибиhas quoted4 years ago
Яғни, мінсіз тазалықты аңсайды. Өмір жұмыр басты пенденің, (оның ішінде өзің де бар), мінсіз болмайтынын көрсетті. Бірақ, жүрек байғұс іздейді. Мінсіздік іздегеннің жолдасы -жалғыздық. Қоғамнан түңілу, Адамнан түңілу – жабығудың жаман түрі. Одан әрмен барар Жер, басар тауың - торығу.

Сонда қателік неден?! Неге сен қиялдағы қоғамыңды, қиялдағы Адамыңды кездестіре алмадың?! Қателік сенің қиялдағы Адам мен қоғамды аңсауыңнан. Адам қоғамы ешқашан идеалды болмақ емес. Өйткені ол періште емес, Адам қоғамы. Сондықтан, қиялдағы қоғам мен қиялдағы Адамнан неғұрлым ерте бас тартсаң, Бұ Дүние бақытына барар жолың соғұрлым қысқа болуы мүмкін. Ол жол мінсіз досқа апарар жол. Мінсіз дос - жалғыз Алла.

Сөз жоқ, Құдай тағала жаратқан жан иелерінің ішіндегі Адам ерекше құбылыс. Ең біріншіден Раббымыз оны Жер бетіндегі өзінің орынбасары етіп жаратқан.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)