Акгуль Ашамаеваhas quoted7 years ago
Алтайдың көктемі кешеу келеді. Қыстайғы екі кезге тарта жауған қар еріншектене ерігенше, астынан шөп көктеп үлгереді. Құралайдан бастап нағыз көктем туып, жан-жануарға жан бітіп, әбігерге түссе, адамдар да ағаш үйлерінен ұзап, тырың-тырың тірлігіне, шаруа қамына кіріспек. Май айының аяқ шенінде бүкіл Алтай қып-қызыл гүлге көмкеріліп, жасыл жаулығын қайта жамылады. Көкпеңбек аспанға мамықтай бұлт маңып, тау өзендері көркіне қайта мінбек. Сіз табиғаттың осыншалық сый-сыяпатын төге салған мәрттігіне қайран қалып, тау асып, байып жатқан Күннің алқызыл нұрына табынасыз да, кілемдей түрілген көк майсаға аунай кетесіз. Күлесіз, бақыттан, шаттықтан күлесіз. Күліп жүріп гүл тересіз, теріп жүріп «Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айрылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ!» деп, жар салғыңыз келеді.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)