b4146851817has quoted7 years ago
Сейілхан ағам ақ жарқын, әзіл-қалжыңға да бай. Оның әсіресе көп ойнайтыны өзінің құрдасы Әлмұқан. Әлмұқан да Сейілхан сияқты ірі денелі кісі, бірақ бір-біріне ұқсамайтын екі адам болса осы екеуіндей — ақ болар. Сейілханның денесі тарамыс, иығы кең, мықын жағы қысыңқы келсе, Әлмұқанның денесі болбыр, толық, иығы қушық та, қарны мен бөксе жағы жуан. Сейілханның жүзі қара торы, сүйегі кең бет бедері қоладан құйғандай шымыр да, Әлмұқан ақсары, екі беті семіз малдың қоң етінен кесіп алып жапсыра салғандай бедерсіз, салпы ұрт. Сейілханның үні ашық, даусы кейде шаңқылдап шығады, ал Әлмұқанның үні күңгірт, май басып кеткен ұртынан мес ішінде шайқалған қойыртпақтай болпылдап шыққан сөзіне әрең түсінесің.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)