Аружан Гинаятоваhas quoted5 years ago
рінің басына бармақшы еді. Олардың басына мал сойып апарып, құран оқытамын дегенде, алдында Иса мен Қадиша ұрсып, қабыл алмай, малды сойғызбай қойған.

Қазіргі Қасымның ойы, енді баратын қорған жоқ болғандықтан сол қораға барып, сол маңайда қалған жатақтарға жетіп, тау бөктеріндегі әке-шешелерінің басына барып, қабырын құшақтап жылау еді. Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан зар еңіреген жетім бала Қасымды алып келе жатқан хал осы.

Қасым жүгіре бастады. Шошынған қабақпен алды-артына қарай береді. Жетім көзі белгісіз бірдемені күткендей болады. Пайдасыз күту. Ӏшінен қатты қорқып келе жатса да, көзіне көрінер тірі жан жоқ. Қап-қараңғы түн болды. Қасым тау ішінде келе жатыр. Бұдан кішірек күнінде көп естіген қараңғы сырлы әңгімелер болушы еді. Түнде кездесетін жын-шайтандар, қара түндей жалмауыздар... сау адамды қағып кететін перілер. Бұлардың талай рет түн жүргіншілерін шошытқан, жындандырған, көзіне көрініп елестеген әңгімелері кішкентай Қасымның көңіліне әбден қонып, онсыз да науқасты әлсіз қиялында мықты орын алып қалған...
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)