inabathas quoted12 years ago
бастағаныма екі-үш айдың жүзі болды. Қашан аяқтаймын, немен аяқтаймын, ол жағы маған әлі мәлім емес. Не де болса, бір тиянаққа тезірек келіп, бас-аяғын көмкеріп, ал халайық ендігі төрешісі өздерің болыңдар. Мен қолымнан келгенін істедім. Бағасын өздерің беріңдер деп, жұртшылық талқысына ұсынғанша асықпын-ақ. Әрине, мен бұл повесті ойдан шығарып, немесе басқа біреу туралы жазып отырсам, онда тағы қанша жазарымды, оның немен тынарын да күні ілгері тұспалдап білген болар едім ғой. Менің қазіргі мүмкіндігім ондай емес. Өз басымнан кеткен оқиғаларды тізбектеп отырған хатшы тәріздімін. Бірақ сол іркес-тіркес оқиғаларды біріне-бірін қалай болса солай матап, жапсыра бергенмен ол көркем шығарма бола ма. Әрине, болмайды. Сыншылар айтатындай, оны жазушылық електен өткізіп өңдеуім, сұрыптауым, бір желінің бойына маржандай етіп тізе білуім қажет. Творчестволық еңбектің осы нәзік жақтары менің қолымнан келіп жатыр ма, келмей жатыр ма? Көрмей оқушымды жалықтырып жіберген жоқпын ба, неғұрлым ілгерілей түскен сайын сені осы жай қатты толқытып, жүрексіндіреді. Бірақ, достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати ма? Қиындыққа құлаш сермеу біздің салтымыз емес пе? Бастап қалған екенмін бұл еңбекті – жеті қабат терім сылынса да, аяқтап шығуға міндеттімін.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)