taiajan
taiajanдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
СОҒЫС ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ
(1583-1645) – голланд заңгері, әлеуметтанушы және мемлекет қайраткері. Ерте жастан ерекше ғылыми дарындылығын танытып, 15 жаста Opлеан университетінде құқық докторы дәрежесін алды. Грекиялық және Римдік авторлардың еңбектерін басып шығарумен айналысты, Гаагада адвокат міндетін атқарды. Діни, саяси пікірталастарға белсенді қатысты. 1619 жылы саяси күреске қатысқаны үшін өмір бойғы қамауға кесілді; 1621 жылы Францияға қашып, кейін Швецияда қоныс тепті. Табиғи құқық теориясы мен халықаралық құқық ғылымының негізін қалаушыларының бірі. 1625 жылы Отыз жылдық соғыстың қызған кезінде Францияда автордың "Соғыс пен бейбітшілік құқығы туралы үш кітап" атты күрделі еңбегі жарық көрді. Еңбек көпшілікке ұнады, бірақ папалық курия оны "еретиктік" басылымдар қатарына енгізіп, 1900 жылға дейін оған тыйым салынды. 1634 және 1644 жылдар аралығында Г.Гроций дипломатиялық қызметте: француз сарайы жанындағы швед елшісі. 90-нан астам еңбектің, соның ішінде' заң, тарих, филология ғылымдары бойынша еңбектердің авторы ретінде танымал. Оның пікірі бойынша, кез-келген басқару пошымы, соның ішінде абсолюттік монархия да, жаратылыстық құқық талаптары сақталғанда заңды. Саясаткер һәм заңгер ретінде Рим папасының билігі мемлекеттік өкіметпен ауыстырылуы қажет; мемлекеттер өзара сақталуы. "жаратылыстық заңнан " келіп шығатын ишараттар жасауы қажет деп санады. Әділетсіз соғыстарға, жай халыққа жасалатын зорлық-зомбылыққа да тыйым салынуы тиіс! Ол мемлекеттер арасындағы ; дауларды шешу үшін өкілеттілікке ие болатын арнаулы орган ! құруды ұсынды.
Гро­ций Гуго. Соғыс пен бей­біт­шілік құқығы ту­ралы
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды