Ledi062006has quoted7 years ago
БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ
Хикаят
Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім. Тарихын естіген жұрттың бәрі көзіне жас алады.
Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Әскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты...
Мен оларды көргем жоқ, олармен бірге жүргем жоқ. Олар туралы жаза алмаймын. Бірақ мен сол қыршын ерлердің панасыз қалған кәрі ата-аналарын білем, жетім қалған жас балаларын білем. Туып үлгермеген нәрестелерінің қазір неше жасқа келетінін, қандай азамат болатынын білем...
Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған, тумай жарығы өшкен сәбилерінің рухына арнаймын. Өлгендеріне тастаған бір уыс топырағым, тірілеріне жанын жұбатар бір шумақ жырым.
Ав тор.
БАСТАУ
– Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, – деді басқарма. – Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз қалқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.
Жұрт дабырлап кетті. Басқарма мен есепші екеуі шүпірлеген бір арба бала әкелді дегенді мана, жұмыс басында естіген. Рас боп шықты.
– Сабыр, ағайын, сабыр, – деді басқарма қолын көтеріп.
– Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Және, қазір баурыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше, – деді содан соң дауыстап.
– Тамағын ішіп болса балаларды алып шық.
– Қазір, ақсақал, – деген дауыс естілді киіз үй ішінен,
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)