Niko Angeles
Niko Angelesдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
Әлемнің философиялық тұжырымдамасын Әл-Фараби өзінен бұрын пайда болған дәстүр бойынша метафизика терминімен атайды. «Философия» деп, мәнісінде «Бірінші философия» деп Аристотель тап осындай баршылық туралы ілімді санайды. Бұл ілім оның «Метафизикасында» (метафизика – «физикадан кейін») баяндалған. Аристотель өмірдің бастамаларына, принциптері мен себептеріне болмысқа және ойлауға қатысты бастамаларды жатқызады. Метафизика – бұл болмыс пен билік принциптері жайлы білім.
Аристотельдің артынан ере отырып, Әл-Фараби метафизиканы «көркемделген ғылым» деп атады, ол бірінші философияға теологиялық пәні болып табылатын жоғарғы физикалық нақтылықты жатқызады (Құдай жайлы ғылым; терминді Аристотельдің өзі енгізген болатын), Әл-Фараби қысқаша метафизиканың логика-гносеологиялық аспектісін оның жеке бөлігі ретінде бөліп алып, онтологиядан бөлек қарастырады.
Болмыс туралы ғылым Әл-Фараби көзқарасының өзегін құрайды. Дәл осы жерде біз Э.Ренанның әлі күнге дейін сақталған бір тезисімен жолығамыз, мұнда Әл-Фарабидің философиясы перипатетикалық және неоплатондық ілімдерді синкретті байланыстыратын еліктеуші бағыт болып табылады делінеді. Әл-Фараби философиясының негізгі қайнар идеяларын қарастыру, оның философиясын тұтас жаңа контексте және шығыстағы перипатетикалық салт-дәстүрде бағалауға деген ұмтылыс ренандық пікірді түбегейлі үрдіс қайта қарауға жетелейді. «Метафизиканың мақсаты жайлы», Ариетотелдің философиясы» 98және «Әріптер кітабы» деген трактаттарына мәтініне жүгіне отырып, американдық шығыстанушы Гэлстон бұрынғы дәстүрлі көзқарастарды қайта бағалайды. Әл-Фараби Аристотель түсінігіндегі жаңаплатондық компонентке байланысты қарайды. Әл-Фарабидің мәтінінде Аристотельдің «екі түрлі портреті» жинақталған, біреуі – неоплатондық және екіншісі – оны қажет етпейтін қосындылар, және де бұл Аристотельдердің пайда болуы кездейсоқ емес» 99.
Әл-Фарабидің жеке философиясында, Гэлстонның айтуы бойынша, неоплатонизм мен эманационизмнің ізі де жоқ 100. Аристотельдің жаңаплатондық нұсқасын Әл-Фараби «Екі қасиетті философтар Платон мен Аристотельдің тұтастылығы жайлы» трактатында қарастырады, ол бұл трактатты «жалпықолданбалы көзқарас» ретінде пайдаланады, сонымен қатар «Азаматтық саясат», «Ізгілік қаласы тұрғындарының көзқарастары туралы» трактаттарында
Әбу Насыр Әл-Фараби Х,
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды