Rahymbu'bi Rahymbekovahas quoted4 years ago
Шiлденiң шықылдаған ыстығында күншығыстан қарасаң, күнбатыс жақта Келiншектау ағып жатқан асау алтын өзен сияқты.

Күннiң аптабы қайтып, кешкi салқын түсе Келiншектау анық көрiне бастайды.

Сонда Келiншектау туралы ерте-ерте ертедегi аңыз еске түседi.

Отыз күн ойын, қырық күн тойы болып, байдың қызы ұзатылады. Қырық түйеге артылған жасаудың бәрi алтын, күмiс, гауһардан екен дейдi.

Ұзыннан ұзақ созылған дәулетжар көштiң алдында келе жатқан қыз әкесi қызынан:

– Қалай қызым, жасауыңа көңiлiң тола ма? – деп сұрапты.

Сонда ұзатылып бара жатқан қыз:

– Ризамын, әке, тек итаяғым алтыннан болмады-ау, – дептi.

Мұндай тойымсыздыққа не айтарын бiлмеген әке байғұс қос қолын терiс қарата жайып жiберiп:

– О, қанағатсыз мұндар, қаратас болып қатып қал! – деп, қатты қарғапты. Қарғыс Құдайдың құлағына шалынып, бүкiл асыл көш лезде қаратас болып қатыпты да қалыпты.

Қанағатсыздыққа, тойымсыздыққа Құдайдың қаһары осылай тиiптi.

Қарап тұрсаң, мына қазiргi заманда да, сол бейшара қыздың абайсызда айтып қалған айып сөзiн кешпеген Жаратқан ие мына қазiргi
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)