inabat
inabatдәйексөз қалдырды5 жыл бұрын
пештің жалынындай лапылдап, дарияша жөңкілген ұшы-қиырсыз сағым толқыны. Егіннің арасындағы қара жолмен шаңды аспанға бұрқыратып зырлап кетіп бара жатқан, дәу де болса, әлгіндегі Қаратайдың тап өзі. Бар сол тойғаныңмен. Ех, шіркін, егер мамамның орнында мен болсам, оған не айтуды білер едім. Сосын Қаратай маңыма жоламақ түгіл, қарамды да көрмес еді. Күн ыстықта су да тартылып, азайып қалады. Әншейінде көгілдірленіп, аспан түстес болып жататын. Айтпақшы, әлгінде осы арада қыздар шомылып жүр еді ғой. Іштерінде Жанар да болған шығар. Жанар атың қандай әдемі. Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек. Осы повестің бас кейіпкерінің бірі болуға Жанар, біріншіден... кластағы ең бір ақылды қыз. Екіншіден, сұлу. Әсіресе қызыл береткасын киіп жүргенде, сондай құлпырып, жайнап кетеді. Даусы қандай шіркіннің, ән салғанда тыңдасаң. Басына үкілі тақия киіп, мың бұратылып, Қамажайға билегенін көрсең. Барып тұрған өнерлі қыз. Кластағы бірінші үздік оқушы.Ал енді айтып көр оны повестің басты кейіпкерінің бірі бола алмайды деп. Жанарды ойыма алсам, менің ішім гүл жайнап кеткендей болады. Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түпкірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді. «Е, бәсе, Қожа осындай екен ғой. Талант деген түбінде жарып шықпай қоймайды», – дер еді. Шіркін-ай, былай болса: адам әуелі үлкен болып жаралса. Өмірдегі өзіне тиісті қызмет мамандығын атқарып болғаннан кейін барып, балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай қарар еді. Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Олай болса, менің оған әкіреңдей бергенім жарамас, жазушыны сыйлау керек деп, тәубасына келер еді. Бірақ амал қанша, өмірде бұлай болмайды, болмақ емес. Әуелі беделсіз, білімсіз бала болып жараласың. Сенің үлкейгенде қандай адам
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым - Қожа
  • 436
  • 101
  • 3
  • 1
Қолжетімсіз
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды