Дильназ Дильназhas quoted8 years ago
пайымдалғандай, тек оның абстрактылы, формальды идеалдылығы болып табылады. Субстанционалды бүкіл жалпы формасындағы жан рухтың субъективті өзі - өзіне рефлексия күйінде оған әлдебір теріс, сыртқы және қараңғы нәрсе ретінде қатынаста. Сондықтан сана, бүкіл жалпы қатынас ретінде, осы қос жақтардың дербестілігі мен олардың сол бара барлығының қайшылығы болып табылады. "Мен" ретінде рух — мән болып табылады, бірақ мәнділік шеңберіндегі шындық тікелей баршылық және идеалды ретінде айғақталғандықтан, сана реттегі рух тек рухтың көрінісі болып табылады.
Қосымша.Мүлдем абстрактылы "меннің", немесе таза сананың, өзінің басқасына қатысты көрсететін, терістілігі әлі мүлдем анықталмаған, үстірт, абсолютті емес терістілік болып табылады.
Бұл кезеңде сондықтан бір жағынан, нәрсенің менде болатындығы, ал екінші жағынан, қараңғылық жарықтан тыс болатыны сияқты, меннен тыс соншама дербес өмір сүруге не бола алатындығының арасындағы қайшылық пайда болады. Санаға нәрсе "мен" арқылы жатқызылған ретінде емес, бірақ тікелейлік, баршылық, берілген ретінде көрінеді; өйткені өзіндегі нәрсе рухқа бара бар және тек рухтың өзін - өзі ажыратуы арқылы толық тәуелсіздіктің елесін алатындығын, ол әлі білмейді. Мұның іс жүзінде осылай екендігін, рух идеясына көтеріле отырып және осымен "меннің" абстрактылы, формальды бара барлығынан жоғары тұрғандықтан, оны тек біз білеміз.
§415
"Мен" өзі үшін тек формальды тепе-тендік сияқты өмір сүргендіктен ұғымдардың диалектикалық қозғалысы, сананың прогрессивтік айқындалуы ол үшін оның өз әрекеті емес, бірақ өзінде бар және бұл сана үшін объектінің өзгеруі болып табылады. "Мен", сана субъектісі ойлау болып табылады; объектінің ары қарай логикалық анықталуы субъект пен объектідегі тепе - теңге, олардың абсолютті байланысы болып табылатындықтан, онда, соған сәйкес объект, субъектіге жататын, бірдеме болып табылады.
Ескерту. Кант философиясын бәрінен де дәл қарастырса, ол рухты сана ретінде ғана түсінді және онда тек рухтың философиясының емес, оның феноменологиясының айқындықтары туралы ғана айтылады десе де болады деген мағынада. Ол "менді" өзінің абстрактылы анықтауында өзіндік зат деп аталатын, әлдебір өзінен тысқыға қатынас ретінде қарастырады және де тек бұл шектілікке сай ол интеллигенцияны да, ерік-жігерді де түсінеді. Және егер пайымның рефлексиялаушы қуаты ұғымында ол, расында, рух идеясына, субъект - объектілікке, андаушы пайымдауға және т.б., және де тап солай табиғат идеясына жетсе, онда бұл идеяның өзі өз кезегінде құбылысқа дейін, атап айтқанда субъективті максимаға дейін төмендейді (қар. §58, кіріспе). Сондықтан бұл философия мағынасының дұрыс ашылуын Рейнгольдтің оны сана теориясы деп, ал сана деп елестету қабілеттілігін белгілеп түсіндіруінен көру керек. Фихте философиясы да осындай көзқараста тұр; онда "мен емес" тек "меннің" пәні ретінде, тек санада анықталған; "мен" емес онда шексіз түрткі түрінде, яғни өзіндегі—зат ретінде қалады. Қос философия, қалай олар өзінде және өзі үшін болғанындай, ұғымға да, рухқа да жетпей, тек басқаға қатынасты болатын рухқа дейін жеткенін, осы арқылы көрсетеді.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)