madina2965
madina2965дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
Сарыбайдың ажалы тиді дейді.
Шүйінші тілер тазша құл жүгіре түсіп,
70. Асықпаса не етеді, көтін қысып.
Қуанғаннан Сарыбай шапқан екен,
Мойны үзіліп өліпті, аттан ұшып.
Жұрт жиылды сүйегін жерлеймін деп,
Қарабай айтты: “Бұ жұртты көрмеймін” деп.
Көше қашып Қарабай кетеді енді,
“Жетім ұлға қызымды бермеймін” деп.
Сарыбайды, жігіттер, Құдай алды,
Ақыр заман Құдай былай салды.
Көше қашып Қарабай кеткен екен,
80. Жесір қатын, жетім ұл білмей қалды.
Тамам молда жиылып оқыр хатым,
Жеткізіп-дүр Сарыбай жұртқа датын.
Сарыбайдың қатыны ұл тауыпты,
Қозы Көрпеш қойыпты оның атын.
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейін кескен екен.
“Қатынымыз қыз тапса екеуіміздің,
Қол бақшасы бір болсын” дескен екен.
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
90. Бір перзент көкейін кескен екен.
“Екеуі де ұл туса енді осының,
Таң еткендей дос болсын” дескен екен.
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейін кескен екен.
“Біреуі ұл, біреуі қыз болса,
Құдай қосса, біз қостық” дескен екен.
Ақ хан өліп, Қара хан босқан екен,
Көксеңгірден киікті тосқан екен.
Қозы Көрпеш құрсақта, Баян іште,
100. Іште жатқан екеуін қосқан екен.
Көшіп кетті Қарабай аңға көнбей,
Сол кеткеннен кете-дүр, қайтып келмей.
Сөйтіп қосқан қосағын Қозыекемнің
Ғашықтық дастандар
Көрпеш һәм Баян сұлу. Шоқан нұсқасы
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды