Дильназ Дильназhas quoted8 years ago
Спинозизмге қатысты, керісінше, айқындылыққа қарама - қарсы еркін субъективтілік ретінде өзін "мен" ретінде тағайындайтын рух субстанцияның тегінен шытып кететінін атап өту керек, ал философия үшін бұл пайымдау рухтың абсолютті анықталуы болып табылатындықтан, осылай спинозизмнің шектерінен шығады.
Қосымша.Дегенмен сананың ары қарай анықталуы оның өзіндік ішкі мәнісінен шыққанымен және оның үстіне объектіге қатысты терістілік бағытта болса да бұл өзгеріс сана үшін оның субъективті әрекетінсіз жүзеге асатындай болып көрінеді және ол нәрседегі айғақталатын айқындықтар тек бұл объектіге қатысты баршылықтар ретіндегі мағынаға ие болады.
Қосымша 2.Фихте философиясында, қалай "мен" "мен"- еместі игере алатындығы туралы сұрақ бойынша қашанда қиындықтармен істес болуға тура келеді. Осы екі жақтардың шынайы бірлігіне бұл жерде ешқандай қол жеткізілмейді; бұл бірлік әрқашан тек әлдебір міндетті болуға тиесілі ретінде қала береді, өйткені ең басынан, "мен" және "мен" емес өздерінің оқшаулықтарында, олардың шектілігінде бір абсолютті деген жалған алғышарттың шеңберінде алынған.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)