b3160995911has quoted7 years ago
ЖЫЛЫМЫҚ
әңгіме
Жолаушы атың семіз желетұғын,
Көз бар ма мен байғұста көретұғын.
Халық әнінен
Мен осы бір суретті көрген сайын, сені есіме алатынмын, немесе сені есіме алған сайын, осы суретті көретінмін. Қазір қайда, не істеп жүргеніңді білмеймін. Мүмкін... Аузым бармайды ондай жамандыққа... Мүмкін, бұл дүниелік емес шығарсың. Оған өкінішім жоқ, сен бәрібір қашанда менің қасымда жүрер едің; жалғыз-ақ өкінішім — мына өзің туралы новелланы өз бетіңмен оқи алмайтының. Сен қу мекен далада өскен ақ қайың ең, желіккен жел жұп-жұқа қабығыңды сыдырып, қалтырап тұрсың-ау, жазған; қалтырап тұрып сыңсып ән саласың-ау, жазған; сол мұңлы үн менің құлағыма еміс-еміс естілгендей болады; сол сай сүйегіңді сырқыратар жетім әуен тым жалғыздығыңның—тым жарымжандығыңның бебеу қаққан жаршысы, адамдар тіпті бүкіл әлем алдындағы аппақ ар-ожданының арашашысы сықылданатын.
Мен осы бір суретті көрген сайын, тіршіліктің мәнін бұдан әлдеқайда терең түсініп, адам өмірінің шын қуанышын, шын қайғысын жырлау, сипаттау екінің бірінің қолынан келмейтіндігіне илана түсетінмін. Бұл суретке ұзақ үнсіз қарап тұрып бақыт, күлкі тоқтық дегеннің бәрін санамнан сылып тастап, өзім де біле бермейтін мәңгі шексіздікке, мәңгі тұманды сапарға аттанып кетуді көксер едім. Қараған сайын жүрек соғысым бәсеңдеп, енді аз-маз сәттен кейін барлығымен — сені мен суреттен басқасының барлығымен қоштасып, әні-міне, арғы әлемге апарар арбаға мініп, аттанып бара жатар едім. Талай рет өз-өзімнен қысылып, өз-өзімнен булығып ағыл-тегіл жыладым да. Неге екенін білмеймін, осынау сурет пен сенің бейнеңнен ұқсастық тауып, екеуіңді жаһандағы жақсы атаулының бәрі-бәрінен жоғары қоятынмын. Есіңде болар, мен саған осы суретте не салынғанын әрі мазмұнын сан қайтара айтып, шаршатып та алушы едім. Сен бір нүктеге қадалған қалпыңда жалықпай тыңдай берер едің, сосын қабырғада қағулы тұрған суретті жұп-жұмсақ алақаныңмен сипалап, ауыр күрсінер едің. Білем, айтпасаң да сезетінмін, тым болмағанда жалқы рет жарық әлемді көріп, жан тапсыруды армандағансың талай рет.
Мен осы бір суретті алғаш көргенде, сұлулық һәм тамаша өнер жайлы жайдақ ұғымыма ұлы өзгеріс енгізгенмін. Табынып тамаша деп жүргеніміздің көбі, шуақты сүйетін қорыншақ көңілдің көңілшектігі, тыз етпе әсіре әсерден туған біратар пікірдің салқыны екен. Қисапсыз көдедей көп дүниенің қайсыбірі жадымызда тұра береді, осындай ілудесі ғана жылдар бойы рухани досыңа
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)