inabathas quoted12 years ago
– Жайлау қандай екен? – Айтпа. Тамаша. Шөптің биылғы шығымын көрсең, белуардан келеді. – Барайын десем, көлік жоқ, – дедім Сұлтанға. – Мен алып кетейін. Ертең таңертең қайта жүремін. – Қалай алып кетесің? Басы артық көлігің бар ма? – Онда жұмысың болмасын. Таңертең дайындалып, күтіп отыр. Ер-тоқымың бар ғой? – Бар. – Ендеше бітті. Келістік. Сұлтан мені есік алдына дейін сүйреп әкелді де: – Қара Көже, сені бір жерге ертіп барсам, серік болуға жарайсың ба? – деп сұрады. – Қайда? – Жоқ, сен шойнақты жолдас етемін деп, басыма пәле тауып алармын. Хош. Мен кеттім. Ал таңертең дайындалып тұр. – Мақұл.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)