inabathas quoted12 years ago
АЛТЫНШЫ ТАРАУДА Әжем жөнінде бірер сөз, менің ат ұрлап мінбекші болған әрекетім және Сұлтанмен кездесуім айтылады Ел аяғы басылуын күтіп, кітап оқып отырдым. Әжем төсек сала бастап еді. – Маған төсек салмаңыз, мен бүгін жайлауға кетемін, – дедім. – Бүгінің қалай. Осы жетіқараңғы түнде ме? – Иә, түнде. Күндіз ыссы ғой. Салт атпен жол жүргенге түн тиімді емес пе. – Көлікті қайдан таптың? – Қайдан тапсам да таптым. Көлік даяр, – дедім. – Әй, сен оңбағыр тағы бір пәле шығарғалы жүргеннен саумысың? – Не пәле шығарушы едім. Осы сіз-ақ маған ылғи шүбәланып тұрады екенсіз. – Шүбәланбай қайтейін, өзің тыныш жүрмейсің. Әжем тағы да тұрып алып, құлағымды талай сарсытқан дағдылы өнегесін айта бастады: – Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым, – тыныш жүр балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақсы ат емес. Осы үлкендер деген қызық халық. Бір менің әжем емес, қай-қайсы да балаларға шетінен өсиет айтқыш, жөн сілтегіш, ақылгөй келеді. Олай етпе, бұлай ет, ананы істеме, мынаны істе деп, тәптіштеп тұрғанда, таңдайларынан шаң көтеріледі. Ал енді өздеріне қараңдаршы. Не қилы жаман мінез, жөнсіздік осы үлкендердің арасынан шықпай ма? Ұрлық істеп сотталып жататындар кімдер? Үлкендер. Мас болып, қатын-баласының үрейін алып, үйінде шырқын шығаратын кімдер? Үлкендер. Бәлеқорлар, жемқорлар, жалақорлар – бері үлкендерден шығады. Ендеше олар бізге, балаларға ақыл айтып, жөн сілтемес бұрын әуелі өздерін өздері түзеп алса, қандай
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)