Маргулан Алпысбайhas quoted7 years ago
Мені театр ойын-сауықтары еліктіретін, олар менің бақытсыздықтарымның көріністеріне толы болатын және менің жанымды жандандыратын. Адам неге ауыр хал мен трагедияға толы оқиғаларды көргенде оларды өз басынан кешіргісі келмей, уайымдағысы келеді. Осыған қарамастан, ол көрермен ретінде, уайымдағысы келеді және осы уайымның өзі ол үшін ләззат. Таңғаларлық есалаңдық! Адам осындай уайымдаудан неғұрлым аз қауіпсіздендірілген болса, ол солғұрлым театрда көп толқиды, бірақ ол өзі үшін қайғырғанда, оны әдетте қайғыру деп; ал басқалармен бірге қайғырғанда — қайғысына ортақтасу деп аталады. Бірақ сахнадағы ойдан шығарған нәрсеге қалай қайғыруға болады? Көрермендерді көмекке шақырмайды ғой; оны тек қайғыруға шақырады, ол неғұрлым көп мұңайса, солғұрлым осыны ойлап шығарған авторға жақсы ниетте болады. Егер көне және ойдан шығарған нәрселер көрерменге әсер қалдырмаса, көрермен қайғырмайды және есінеп, ренжіп кетеді; егер де оны қайғыртса, ол ойын -сауыққа беріліп, қуанады.

3. Олай болғанда, көз - жасы және уайым-қайғы құрметті ме? Әрине, әрбір адам қуанғысы келеді. Ешкімнің қайғыланғысы келмейді, бірақ қайғыға ортақ болғысы келеді,
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)