Акжан Дусембиев
Акжан Дусембиевдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
БАЛУАН ШОЛАҚ
повесть
Босанған Нұрмағамбет, екі себеппен Қайрақтыға оралмай ауылына қайтты, бір себебі — қапымды тауып өлтірмей қоймайды деп Пропадко тұқымынан қорқу; екіншісі — жазықсыз жаза тартып үй - орманымен құрып кеткен Кургановтардың, «Пропадколер бұзып әкетіпті» деген жұртын көргісі келмеу.
Осы себептермен жайлауда отырған еліне қайтқан ол, салысы суға кеткен адамдай, салбыраңқы қабақпен үйінде тұрып жатты. «Алда не істеу керек?» дегенді, ол алғашқы күндері ойлаған да жоқ, ойлауға шамасы келген де жоқ. Оның басын билеген жалғыз ой — Пропадко сияқты күштілердің, Кургановтар сияқты әлсіздерге көрсететін қорлығы.
Ол сондай ауыр ойда жүрген күндердің біреуінде, оның көзі де, жайлаудағы жұрттың көзі де бір атты мініп, бір атты жетектеп, ауыл - ауылдың арасында шоқыта шапқан біреуге түсе кетті.
— Е, қайда барасың? — деген сұрауға:
— Тоқсанбай байға ас11берілетін еді, соған сауын22айтып жүрмін, — деп жауап берді ол.
— Қашан болады, ол ас?
— Енді бір айдан кейін.
— Қанша елді шақырды?
— Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы, Кереку, Қызылжар, Омбы — осы жеті ояздың елін түгел шақырды.
— Ойпырмай, оған не деген ас шақ келеді?!
— Тоқсанбайдың өз малынан мың қой, жүз ту бие, ілік - шатыс, құдандасынан жүз елу ту бие, мың жарым қой, барлығы — екі мың жарым қоймен, екі жүз елу жылқы сойылады, солардың еті жетпей ме? Қымызына жиналған жұрт өзі әкеледі.
Бір ай асқа әзірленген жұрт сабаларын екі доңғалақты қазақ арбаға артып, біреу салт, біреу арба жегіп... дегендей, Тоқсанбай аулына, жан - жақтан ағыла бастады. Ормансыз жазық кең дала, құмырсқаның илеуіндей қыбырлаған адамнан көрінбей кетті.
Бұл топтың ішінде Нұрмағамбет те жүрді. Ойы жүдеген шақта бойы да жүдеген оған, асқа аттанарда шешесі ұрысты. Нұрмағамбеттің еркіне салса, бұл асқа
Сәбит Мұқанов
Ба­луан Шолақ. По­весть
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды