inabathas quoted12 years ago
айдан бері көрген жоқпын ғой. Мен оған бірдеңе айтармын, ол да маған бірдеңе айтар. Жанармен сол арада біраз сөйлесіп, сұхбаттасып қалайын. Қызыл бұзау бұны қайдан ұқсын. Қоя берсем болды, үйге қарай безгелі тұр. Жоқ, үйді қоя тұр. Сен маған әуелі қызмет істе. Мен бұзауды ноқтасынан жетелеп, Жанар үйінің алдына әкелдім. Ешкім қарап тұрған жоқ па деп, төңірегіме көз саламын, тым-тырыс. Ашық тұрған қақпадан бұзауды қораға қарай айдасам, бөтен аулаға жолағысы келмейді. Сол арадан жіңішке бір шыбық тауып алдым да, сауырға аямастан осып-осып жібердім. Шіркінге жан керек екен, төргі бұрышқа бір-ақ барып жетті. Сүйеулі тұрған легенді құлатып, итті абалатып, ауланың әлек-шәлегін шығарды. Ойлағаным болып, сол кезде үйден Жанар жүгіріп шықты. Адам сасқанда не айтарын білмей қалады екен ғой. – Жанар, ана бұзауды бері қуып жіберші! – деппін. Бұдан басқа ештеңе айта алмадым. Иттен үркіп, тырағайлап шыққан бұзаудың соңынан қуып кете бардым.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)