Nargiza Kairatovnaahas quoted4 years ago
Әлемнің философиялық тұжырымдамасын Әл-Фараби өзінен бұрын пайда болған дәстүр бойынша метафизика терминімен атайды. «Философия» деп, мәнісінде «Бірінші философия» деп Аристотель тап осындай баршылық туралы ілімді санайды. Бұл ілім оның «Метафизикасында» (метафизика – «физикадан кейін») баяндалған. Аристотель өмірдің бастамаларына, принциптері мен себептеріне болмысқа және ойлауға қатысты бастамаларды жатқызады. Метафизика – бұл болмыс пен билік принциптері жайлы білім.

Аристотельдің артынан ере отырып, Әл-Фараби метафизиканы «көркемделген ғылым» деп атады, ол бірінші философияға теологиялық пәні болып табылатын жоғарғы физикалық нақтылықты жатқызады (Құдай жайлы ғылым; терминді Аристотельдің өзі енгізген болатын), Әл-Фараби қысқаша метафизиканың логика-гносеологиялық аспектісін оның жеке бөлігі ретінде бөліп алып, онтологиядан бөлек қарастырады.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)